Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК КӨРСЕТУ НЕГІЗДЕРІ. КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ. РЕАНИМАЦИЯ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ БОЙЫНША АҚПАРАТ

27.03.2023

Ағымдағы жылдың 18 наурызында кафедра жоспарына сәйкес, алғашқы даярлық курсы 19-шы взвод тыңдаушылары үшін қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті полиция полковнигі Е.А. Церковновамен «Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері. Клиникалық өлім. Реанимация әдістері» тақырыбындағы ашық тәжірибелік сабақ өткізілді.

Сабақ шеңберінде терминалдық жай-күйлер, жәбірленушіні тексеру алгоритмі және алғашқы көмек көрсету тәртібі, сондай-ақ клиникалық өлім басталған кезде базалық жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізу қағидалары қаралды. Осыдан кейін тыңдаушылармен ересек адам мен баланың манекен-тренажерлерін пайдалана отырып, зардап шеккендердің әртүрлі жас санаттарына ЖӨР дағдыларын тәжірибелік пысықтау жүргізілді.

Өткізілген ашық сабақ сабаққа қатысқан басшы және профессор-оқытушылар құрамымен оң пікірлер алынды. Жалпы сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, оқыту мақсатына қол жеткізілді. Өткізілген сабақ “өте жақсы” деп бағаланды.