Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ДЕҢГЕЙІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІ

17.10.2023

        2023 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі А.С.Маханова және полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің студенттеріне  «ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі рөлі», «Конституциялық реформада көзделген институционалдық өзгерістердің маңыздылығы» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәрістің мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды терең, толық түсінуін қалыптастыру үшін оларға саясатта дұрыс бағытты ұстануды және мемлекеттік – құқықтық салада, мемлекеттік мәселелерде және конституциялық-құқықтық саясатпен тәжірибиеде дұрыс шешімдер қабылдауды  үйрету.

        Өзекті тақырыпқа арналған кездесу өткізудің барысында  студенттер мен лекторлар арасында бірден сенімді диалог қалыптасты, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құқық» факультетінің білім алушылары өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып,  жауап ала білді.