Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Волейболдан жоғарғы оқу орындары арасындағы қала чемпионаты

15.03.2018

            2018 жылдың 13-14 наурыз айында жоғарғы оқу орындары студенттері арасында волейболдан қала чемпионаты ұйымдастырылды. Жарыс Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің   № 2 спорт залында өткізілді.

           Жарыстың ережелерімен бас төреші, волейболдан Қазақстан Республикасының     «1 дәрежелі спорт төрешісі» Жарас Ишаулов Маратович таныстырды.

  Жарысқа ер балалар арасында 4 команда қатысты. Олар С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты. Волейбол жарысында әр команда ойыншылары жеңуге деген үлкен жігер көрсетті. Жарыста ұпай санымен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы алға шықты. 2-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы, 3-ші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасы иеленді.

           Жарыстың марапаттау рәсімінде волейболдан Қазақстан Республикасының «1 дәрежелі спорт төрешісі» Жарас Ишаулов Маратович жүлделі орындарға ие болған командаларды Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің кубогімен және дипломымен марапаттады.

 

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Н.А. Таласбаев