Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ №5 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН «БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ

24.02.2023

24 ақпанда ІІО Әкімшілік қызметі кафедрасының профессоры полиция подполковнигі А.С.Махмутов және Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры З.М.Куашева Ақтөбе қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен «Буллинг және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Оқушыларға буллинг ұғымының мәні және буллингті жүзеге асырудың құқықтық салдары түсіндірілді, аталған білім ордасына буллингке қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар берілді.