Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

20.11.2023

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында,2023 жылғы 20 қарашада
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасарыполиция полковнигі С.И. Каракушев, кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Д.А. Амангельдиев, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова, ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының доценті полиция подполковнигі В.В. Хасанова Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Осы іс-шара шеңберінде жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтардың неғұрлым кең тараған түрлері қаралды, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартудың құқықтық негіздері түсіндірілді.Интернет кеңістігінде жасалатын құқық бұзушылықтарға және есірткі қылмысының алдын алуға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді,студенттердің қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Бакалавриат бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсу бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.