Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН «СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ, ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІ ТАРАТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ

15.11.2023

2023 жылдың 15 қарашасында Ақтөбе қаласындағы колледждердің студенттері арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізу жоспары аясында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы, полиция подполковнигі Е.Е.Кайнар және аға оқытушы-әдіскер, полиция подполковнигі Б.Ж.Уаисов Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттерімен «Суицидтің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында есірткі тарату» тақырыбында кездесу өткізді.

 Кездесу қызу диалог атмосферасында өтті, онда институт қызметкерлері тұлғаның өзін-өзі дамыту, құқықтық сауаттылық және жастар арасында тұрақты есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру қағидаттарын түсіндіріп өтті.