Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Алғашқы кәсіби даярлық курсының аяқталуы

16.03.2024

⚜️Бүгін, ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына еліміздің әр өңірінен келіп, 2 ай қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылары салтанатты түрде белгіленген өңірлерге қызметке шығарып салынды.
Жиын барысында оқу бағдарламасын меңгеруде жоғары көрсеткіш көрсеткен және тәртіптілік, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан тыңдаушылар грамоталармен марапатталды.

⚜️Институт басшылығы тыңдаушылардың ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып, институт қабырғасында алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, халыққа адал қызмет етуде өз міндеттерін абыроймен атқаратындықтарына сенім білдірді.

https://www.youtube.com/watch?v=pjsl1GUSuRg