ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
Ішкі істер органдарының жас қызметкерлерінен білікті маман жасақтауда тәлімгерлер үлкен рөл атқарады . Осыған орай 10 шілде күні институтымыздың қалыптасу тарихында басшылық лауазымдарды атқарған ардагерлерден құралған Тәлімгерлер кеңесінің жиыны өткізілді. Кездесуде алғаш сөз алған институт бастығы полиция полковнигі Н. Мұхаметқалиев тәлімгерлер кеңесінің ІІО жас қызметкерлерін тәрбиелеуде маңызы қашанда жоғары екендігіне тоқталып, бакалавриат бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е. Қайнар ардагер-тәлімгерлердің тәжірибесі жас мамандармен қарым-қатынас барысында моральдық-психологиялық ахуалды дұрыс бағытта қалыптастыруда оң әсер ететіндігін атап өтсе, Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняков жастардың ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде тағайындалатын сыныпты мамандар жұмысының өзектілігін саралады.
Жиын соңында институт бастығы ішкі істер саласының жүйелі дамуына ықпал етіп, ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарған бірқатар ардагерлерді Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Сәденовтің Алғыс хатымен марапаттады.
М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында тыңдаушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, ұлттық рухта тәрбие беру мақсатында жауынгер интернационалиспен кездесу кеші өтті.
Аталған шарада Ауған соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Жандос Мамбетжанов қонақ болып, алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына тарих жылнамасынан қаралы оқиғаларымен есте қалған Ауған соғысы жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар болашақ полицейлер кездесу қонағымен еркін форматта сұхбат жүргізіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Тыңдаушылар үшін тағылымы мол шара кезінде зұлмат соғыстың естеліктері туралы бейнероликтер көрсетілді, осы тақырыптағы әндер шырқалды. Кездесу соңында институт бастығының орынбасары полиция майоры У.Сарыкулов Ауған соғысынан кейін ішкі істер саласында қызмет еткен Жандос Шүкірұлына жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін алғыс білдіріп, “М. Бөкенбаев 100 жыл” естелі к төсбелгісімен табыстады.