5.09.2023
Бүгін институтта 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – әр халықтың байлығы» атты апталықтың жұмысы бастау алды.
Тілдік шаралар қатарын алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына топ жетекшілері «Мемлекеттік тіл – менің тілім» айдарымен тәрбие сағаттарын өткізуде. 4-топ жетекшісі полиция подполковнигі Ә.Сағынтаев топтық жұмыстар жасап, туған тілге деген құрмет сезімдері мен қызығушылықтарын арттырды.



