Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev


25.07.2024

Біздің үміткер қыздарымызда ер балалармен иық тірестіріп сынақ тапсыруда. Бүгін олар 100 м, 1000 м қашықтықтарға жүгіру, жатып дене көтеру жаттығулары бойынша бақтарын сынады. Нәзік жанды талапкерлерімізге ата-аналарымен қатар институттың психолог мамандары қолдау көрсетуде.

24.07.2024

Жетісу өңірінен келген үміткеріміз Әбілмансұр Айтмухамет спорттағы жетістіктері арқылы дене даярлығы сынақтарынан босатылды. Ол панкратионнан еліміздің 3 дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері, спорт шебері. Әбілмансұр бүгін дене даярлығынан сынақ кезінде Қазақстан Ақтөбе телеарнасының “Қайсар” бағдарламасына сұхбат берді.

Біздің үміткерлеріміз үшін ең маңызды сәт жақындап келеді.

24.07.2024

Олар ешқандай қиындыққа берілмей, қойылған талаптарды орындап сынақтардан сүрінбей өтіп жатыр. Ата-аналарының қолдауы оларға ерекше дем беруде.