Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Алғашқы көмек

25.09.2021

Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білім мен дағдылардың маңызы өте зор.Көбінесе оқиғадан кейінгі алғашқы минуттарда зардап шеккен адамның тағдыры шешіледі және мұндай жағдайлар полиция қызметкерінің қызметінде жиі кездеседі.Көмек көрсетудің арнайы дағдылары мен білімі төтенше жағдайларда шешуші рөл атқара алады.

23 қыркүйекте “Тактика-арнайы дайындық” пәні аясында алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушылары үшін қылмыстық құқық,қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы,полиция майоры Д.С.Муханова “зардап шегушіні жұмылдыру және тасымалдау” тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты тыңдаушыларды әртүрлі төтенше жағдайларда импровизацияланған құралдарды практикада қолдануға үйрету.

Сабақ барысында тыңдаушылар ЖКО-дан зардап шегушіні көлік құралынан шығару және зардап шегушіні тасымалдау әдістері мен ережелерін пысықтады.Сабақта дәрі қобдишасы,мата тілімдері,көрпе,жамылғы,киім,таяқ және т.б. сияқты көрнекі құралдар мен қол астындағы материалдар пайдаланылды.