19.06.2026
Ағымдағы жылдың 19 маусымында «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының аумақтық полиция департаменті өкілдері, адвокатура, Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Конференцияның мақсаты – Мемлекет басшысы ұсынған ұлттық жаңғыртуда цифрлық трансформация мен қоғамдық қауіпсіздікті күшейту басымдығын айқындау, жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа әдістемелерінің алдын алудың тиімді жүйесін құру және іске асыру. Жолдардағы апаттылықты төмендетудің ғылыми негізделген тәсілдерін іске асыру мақсатында өзекті мәселелерді шешу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апаттылықты төмендету, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтау және жоспарлау мақсатында көлік ағындарын басқаруда қазіргі заманғы технологияларының тиімділігін салыстыру, басқа мемлекеттердің тәжірибесін салыстыру.
Конференция соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

















