Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларына психологиялық даярлық пәнінен сабақ өткізді

18.02.2026

2026 жылғы 18 ақпанда Ф. Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларына психологиялық даярлық кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Т. Бисенова психологиялық даярлық пәнінен сабақ өткізді.

Сабақтың басында темперамент тақырыбы бойынша дәріс оқылып, оның барысында оқушылар темпераменттің негізгі түрлерімен – сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик, олардың сипаттамалары мен күнделікті өмірде көрініс табу ерекшеліктерімен танысты.

Теориялық бөлімнен кейін білім алушылар өздерінің темперамент түрін анықтауға бағытталған тест тапсырмаларын орындады, бұл оларға жеке психологиялық ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оқушылар алған білімдерін тәжірибеде қолдануды үйреніп, күйзелісті жағдайлардағы мінез-құлықты талдап, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытты.

Ерекше назар коммуникативтік дағдыларды дамытуға аударылды: оқушылар сенім, өзара түсіністік және командада жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған топтық жаттығулар орындады, сондай-ақ эмоцияларды басқару және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау бойынша тренинг элементтері өткізілді.

Нәтижесінде оқушылар өз мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсырақ түсініп, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету, эмоцияларын бақылау және командалық жұмыста тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытты.