Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ТМД ІІМ Кеңесінің 30 жылдығына орай «Цифрландыру жағдайындағы Қазақстан Республикасы ІІО-ның жедел-қызметтік жұмысының өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

18.05.2026

Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 18 мамырында ТМД ІІМ Кеңесінің 30 жылдығына орай «Цифрландыру жағдайындағы Қазақстан Республикасы ІІО-ның жедел-қызметтік жұмысының өзекті мәселелері» тақырыбындахалықаралық дөңгелек үстелөткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — криминалдық полиция, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік полиция қызметінің тиімділігін арттырудың ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін заманауи технологиялар механизмдерін өндеу және жетілдіру болып табылады.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы облыстық Полиция департаменттері криминалдық полиция, қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан) ІІМ ведомстволық және шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында орын алған мәселелер шешімін тауып, тиісті мамандардан тұжырымды жауаптар алынды.