8.07.2026
2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында курсанттардың қатысуымен «Отбасы құндылықтарын дәріптеу және ажырасу мәселелері» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында отбасы институтының маңызын насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, жауапты ата-ана болу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасу болды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде:
– Ақтөбе облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Сергалина Рауза Сатымқызы;
– «Дәріс-2016» қоғамдық қорының директоры Дұзбаева Азия Алимбаевна;
– «Аққу» дағдарыс орталығының психологы, педагогика ғылымдарының магистрі Аренова Мөлдір Бисенғалиқызы қатысты.
Қонақтар отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы, ажырасудың қоғам мен бала тәрбиесіне әсері, тұрмыстық қатынастардағы өзара сыйластық, жауапкершілік және жанұялық тәрбиенің рөлі туралы мазмұнды баяндама жасап, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар курсанттардың сұрақтарына жауап беріп, өмірлік тәжірибеге негізделген тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында отбасы институтын нығайту, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, салауатты қоғамдық көзқарасты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Осындай тағылымды кездесулер болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын ғана емес, олардың азаматтық ұстанымы мен адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына да оң ықпал етеді.










