Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Магистратура

2025 ж. 04.04.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті магистратураға оқуға үміткерлер!

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бокенбаев атындағы Ақтөбе заң институт (бұдан әрі – Институт) ғылыми-педагогикалық магистратураға оқуға кандидаттарды шақырады.

  1. Жалпы ережелер

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға үміткерлерді қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына түсетін құжаттарды қабылдау жыл сайын 3 шілде мен 3 тамыз аралығында жүргізіледі.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына кешенді тестілеу нысанында түсу емтихандары жыл сайын 4-20 тамыз аралығында, қабылдау – 28 тамызға дейін өткізіледі.

  • Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген оқуға үміткерлер қабылданады.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына ішкі істер органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға үміткерлер өз басшысының (ішкі істер министрінің орынбасары (бұдан әрі – Министрдің орынбасары), ПД, ДПД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ оқу орны басшысының) атына еркін нысанда баянат береді.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға үміткерлерді іріктеу үшін Министр орынбасарының, ПД, ДПТ, ҚАЖД, ТЖД және ІІМ оқу орны басшысының бұйрығымен іріктеу комиссиялары құрылады.

Іріктеу комиссиясы магистратураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, оқуға кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін айқындайды.

2. Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген оқуға үміткерлер қабылданады.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына ішкі істер органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға үміткерлер өз басшысының (ішкі істер министрінің орынбасары (бұдан әрі – Министрдің орынбасары), ПД, КПД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ оқу орны басшысының) атына еркін нысанда баянат береді.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға үміткерлерді іріктеу үшін Министр орынбасарының, ПД, КДП, ҚАЖД, ТЖД және ІІМ оқу орны басшысының бұйрығымен іріктеу комиссиялары құрылады.

Іріктеу комиссиясы магистратураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, оқуға кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін айқындайды.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға оқуға үміткерлерге кадр қызметі Институтқа келесі құжаттарды жібереді:

1) жеке іс;

2) мыналарды қамтитын оқу дело:

  • оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянаты;
  • қызметтің соңғы кезеңіндегі қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;
  • іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесі;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • шет тілі бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  • өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша   086-У медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде    № 6697 болып тіркелген);
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).

3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына түсетін оқуға үміткерлер түсу емтихандарын тапсырады:

1) Таңдау бойынша шет тілдерінің бірі бойынша (ағылшын, неміс, француз);

2) мамандық бойынша.

Шет тілін меңгерудің жалпы Еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға үміткерлер Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына шет тілі бойынша түсу емтиханынан мынадай емтихандар бойынша босатылады:

— ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm

(TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

— неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ деңгей С1), TestDaF-Prufung (Niveau C1 / деңгей С1);

— француз тілі: Test de Francais International™(TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplomed’Etudesen Langue franсaisе (DELF, деңгей В2), Diplome Approfondi de Langue franсaisе (DALF, уровень С1), Тest de connaissance du franсais (TCF – кемінде 400 балл).

Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

Шет тілі бойынша түсу емтиханы (бұдан әрі – емтихан) Ұлттық тестілеу орталығында электрондық форматта өтеді. Осыған байланысты, магистратураға түсетін оқуға кандидаттар Институттың қабылдау комиссиясына жүгінбейақ өз бетінше емтиханға қатысуға өтініш береді.

Өтініш берушілер сайтта өтініш береді app.testcenter.kz және тестілеу үшін қажетті мәліметтерді көрсетеді. «Өтініш беру» бетінде біз тестілеу түрін таңдаймыз: жоғары оқу орнынан кейінгі білім → шет тілдерінен түсу емтихандары (азаматтық емес жоғары оқу орындары).

Емтихан тапсырғаннан            кейін   сертификаттың          көшірмесін     Институттың қабылдау комиссиясына жіберу қажет (факс: 8-7132-730-222, эл.почта: mail@auimvd.edu.kz.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық сертификаттары бар оқуға үміткерлер (TOEFL

ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, TOEFL, IELTS, IELTS INDICATOR, CEFR, TestDaF, DSH,

TFI, DELF, DALF, TCF), шет тілін меңгерудің жалпы Еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтындар емтиханнан босатылады.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан алдыңғы білім беру деңгейіндегі білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Мамандық бойынша түсу емтиханын өткізу нысанын жоғары оқу орны дербес айқындайды.

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

4. Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына қабылдау.

Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына магистранттар қатарына қабылдауды Институттың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға түсу емтихандарының сомасы бойынша 100 балдық бағалау шкаласы бойынша кемінде 150 балл жинаған оқуға үміткерлер қабылданады.

Шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тест тапсыру туралы сертификаты бар оқуға үміткерлерге 100 балдық бағалау шкаласы бойынша ең жоғары балл беріледі.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға қабылдау кезінде басым құқықты мамандық бойынша неғұрлым жоғары бағасы бар оқуға кандидаттар алады, мамандық бойынша түсу емтиханының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқықты шет тілі бойынша неғұрлым жоғары бағасы бар кандидаттар алады. Содан кейін таңдалған мамандық профиліне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі.

Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Институт бастығы Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына қабылдау туралы бұйрық шығарады, ол ішкі істер органынан Институттың қарамағына оқуға кандидаттарды іссапарға жіберу үшін негіз болып табылады.

“Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы” пәні бойынша түсу емтиханың Бағдарламасы

“Қазақстан Республикасының әкімшілік қызметі” пәні бойынша түсу емтиханың Бағдарламасы

“Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы (жалпы және ерекше бол.)” пәніненмагистратураға түсу емтихандарының Бағдарламасы

“Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы” (жалпы және ерекше бол.) пәніненмагистратураға түсу емтихандарының Бағдарламасы