12.06.2026
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2-курс курсанттарына оқу бағдарламасы жоспарына сәйкес оқу практикасынан өтуіне байланысты ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулық өткізілді. Курсанттардың оқу практикасынан өтуіне байланысты ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулықты кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Д.Амангелдиев жүргізді.
Іс-шара барысында курсанттарға оқу практикасының мақсаты мен міндеттері, оны өткізу тәртібі, қауіпсіздік талаптары, қызметтік тәртіпті сақтау қағидалары және практика кезеңінде атқарылатын жұмыстар жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, практика барысында құжаттарды рәсімдеу тәртібі, күнделік жүргізу талаптары мен қорытынды есепті дайындау мәселелері талқыланды.
Курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикадан сәтті өтуге қатысты қажетті ұсынымдармен танысты.






