Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзюдодан ересектер мен әйелдер арасында «Aliya Open» республикалық турнирі.

7.06.2026

2026 жылғы 6-7 маусым күндері Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзюдодан ересектер мен әйелдер арасында «Aliya Open» республикалық турнирі өтті.

Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынады.

Жарыстың қорытындысы бойынша институт спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:

63 келі салмақта 1-курс 102 оқу тобының курсанты Нұрғалиева  Ұлболсын НұрланқызыІІІ орын иеленді.

70 келі салмақта дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Сейтимова Анар Серікқызы ІІ орын алды.            

78 келі салмақта 2 курс 205 оқу тобының курсанты Бектасова Лаззат Бектасқызы ІІІ орынға ие болды;                                                                   

+78 келі салмақта 2 курс 204 оқу тобының курсанты Байтемір Перизат Нұрлыбекқызы ІІІ орынды жеңіп алды;                                                               

100 келіден жоғары салмақта 2 курс 202 оқу тобының курсанты Байтурин Рамазан Бақытжанұлы ІІІ орын иеленді.

Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – институттың дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Сейтимова Анар Серікқызы.

Жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелер мен толағай табыстар тілейміз.