7.06.2026
2026 жылғы 6-7 маусым күндері Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзюдодан ересектер мен әйелдер арасында «Aliya Open» республикалық турнирі өтті.
Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынады.
Жарыстың қорытындысы бойынша институт спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:
63 келі салмақта 1-курс 102 оқу тобының курсанты Нұрғалиева Ұлболсын НұрланқызыІІІ орын иеленді.
70 келі салмақта дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Сейтимова Анар Серікқызы ІІ орын алды.
78 келі салмақта 2 курс 205 оқу тобының курсанты Бектасова Лаззат Бектасқызы ІІІ орынға ие болды;
+78 келі салмақта 2 курс 204 оқу тобының курсанты Байтемір Перизат Нұрлыбекқызы ІІІ орынды жеңіп алды;
100 келіден жоғары салмақта 2 курс 202 оқу тобының курсанты Байтурин Рамазан Бақытжанұлы ІІІ орын иеленді.
Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – институттың дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Сейтимова Анар Серікқызы.
Жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелер мен толағай табыстар тілейміз.











