14.02.2026
Жалпы орта білім беру мекемелерінің түлектеріне кәсіби бағдарлау мақсатында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қосымша білім беру факультетінің бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова Ақтөбе қаласындағы № 42 орта мектептің бітіруші білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оқу орнына түсу шарттары, талапкерлерге қойылатын талаптар, білім беру бағдарламалары мен курсанттардың әлеуметтік жағдайлары түсіндірілді.
Институттағы оқу процесінің ерекшеліктері, курсанттардың күн тәртібі, жатақханамен қамтамасыз етілуі, және болашақта қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы мәліметтер берілді.










