Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

Институт бастығы құрмет демалысына шықты

25.05.2021

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығы полиция полковнигі А.Е.Кабдуевты құрмет демалысына шығуымен құттықтаймыз. Институт дамуына қосқан үлесі, ерең еңбегі, жеке және ауыспалы құраммен атқарған табысты жұмысы үшін алғыс білдіріп, Ақан Есетұлына зор денсаулық, отбасы мен жақындарына амандық тілейміз. Идеологиялық жұмыс бөлімшесі

Атақ беру рәсімі

22.05.2021

 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  4-курс түлектерін полиция лейтенанты атағымен құттықтаймыз! Сізге мансаптық және жеке өсу, сәтті қызмет тілейміз. Барлық шыңдар оңай бағындырылсын! Идеологиялық жұмыс бөлімшесі

Мұражай

15.05.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 25 жылдығына орай институт музейі жаңа форматта қалпына келтіріліп, ашылу салтанаты өткізілді. Сонымен қатар, институт бастығының бұйрығымен институттың қалыптасуына үлес қосқан ардагерлер, институт қызметкерлері мен үздік курсанттары “М.Бөкенбаевқа 95 жыл” естелік төс белгісімен марапатталды. Идеологиялық жұмыс бөлімшесі

Гүл қою рәсімі

09.05.2021

2021 жылғы 4 мамырда 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы және жеке құрамы, Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының кадеттері Кеңес одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевтың зиратына барып, батыр рухына тағзым етті. Иделогиялық жұмыс бөлімшесі

Онлайн концерт

06.05.2021

2021 жылғы 6 мамырда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекелеріне орай ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бірлесуімен онлайн концерт өтті. Сахнада батырлар рухын ұлықтайтын патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Иделогиялық жұмыс бөлімшесі