- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
12 маусым – елімізде Абай облысының «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза болған орманшыларды жалпыұлттық аза тұту күні. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қаза болғандардың отбастарына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жоғары заңгерлік емес білім базасында қашықтықтан білім беру технологиясын қолдануымен қысқартылған оқыту нысанындағы білім алушыларына кәсіби даярлық факультетімен «Ұлтық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры» дәрежесі тағайындалу бойынша шығарылым рәсімі өтті. Түлектерді Институтты аяқтаумен қуттықтай отыра, кәсіби қызметіңізге сәттілік тілейміз!
Бүгін, еліміздің әр өңірінен келіп, 2 ай қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылары белгіленген өңірлерге қызметке шығарып салынды. Салтанатты шара барысында саналы тәрбие беруде сіңірген өнегелі істері үшін курс басшылары және топ жетекшілері алғыс хаттармен, оқу бағдарламасын меңгеруде жақсы көрсеткіш көрсеткен және қоғамдық, спорттық жұмыстарда …
8 маусымда «Браконьерлікпен күрес жөніндегі шараларды заңнамалық қамтамасыз ету» бағыты бойынша біліктілікті арттыру факультетінің білім алушыларына, оқу процесінің тәжірибелік-бағдарлануын қамтамасыз ету шеңберінде полиция полковнигі Н.Т.Сахановамен (ПД табиғатты қорғау полициясының бөлімдердің ЕТ бойынша аға инспекторлары) бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге маманданған «Ардағым» шаруа қожалығына көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды.
5-6 маусым аралығында Қазақстан полициясы күніне орай ҚР ІІМ-де өткізілген «Міндет, Абырой, Ерлік» республикалық көркемөнерпаздар байқауына, Ақтөбе заң институттың қызметкері полиция майоры Берік Уайсов қатысып ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.Әріптесімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
6 маусымда институттың жеке құрамы арасында Еуропалық психология мектебінің психологтары Р.Керееваның және Б.Базарханның қатысуымен «Менталдық күй және қызметтегі конфликтінің алдын алу стратегиялары» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингте қызметкерлерге адам өміріне психикалық күй қалай әсер ететіні түсіндірілді, әртүрлі күйзелісті ситуациялардан шығудың оңай жолдары қарастырылып, ішкі оймен санаса отырып, дұрыс шешімдер қабылдауға бағыт …
5 маусым күні ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларына кітапхана қызметкері библиографиялық шолу өткізді. Шара мақсаты: тыңдаушыларға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту, идеяларын кеңінен дәріптеу …
Бүгін Институтта өткізілген салтанатты жиында Мемлекеттік рәміздер ұлықталып, ортаға қойылды, Әнұран шырқалды. Институт бастығының құттықтау сөзінен соң, мерекелік бұйрық оқылып, қызметкерлерге арнайы атақтар табысталды. Шара қызметкерлер мен тыңдаушыларды ел мәртебесін көтеруге ынталандыруға бағытталған патриоттық іс-шаралардың бір көрінісі.
3-5 қазан күндері «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылған болатын. Жарысқа 7 команда қатысып, нәтижесінде: 1 орынға «Жаңа Қазақстан» (оқу-саптық бөлінісі) командасы, 2 орынға «Арлан» (кәсіби даярлық факультеті, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті және оқу-әдістемелік …
Өңірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шарада біздің институттың басшылығымен бірге 200 жуық тыңдаушылары қатысты. Ақтөбеліктер еліміздің әнұранын бірге орындады. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов облыс тұрғындарын мемлекеттік мерекемен құттықтады.
|
|