Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

Тыңдаушылар арасында психодиагностика жүргізілді

25.08.2023

Институттың инспектор-психологы И.Б. Танатарова тыңдаушылар арасында полиция қызметкерінің жеке басының маңызды психологиялық қасиеттерінің бірі жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша диагностикалық жұмыс жүргізуде.

Малкеджар Бөкенбаевқа арналған портрет-кеші

23.08.2023

АКДК тыңдаушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында портреттік кеш ұйымдастырылды. Оның барысында институтымызға есімі берілген Кеңес Одағының батыры, милиция подполковнигі М.Бөкенбаевтың өмір жолына қатысты мағлұмат беріліп, соғыс жылдарындағы ерлік істері насихатталды. Батыр туралы мәліметтерді толықтыра түсу үшін, мұражайға экскурсия жасалып, жинақталған құжаттармен таныстырылды.

“ӘЙЕЛДІҢ РУХАНИ ДАМУЫ” СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

18.08.2023

Институттың әйелдер құрамы арасында “Әйелдің рухани дамуы” тақырыбында “Ихсан” орталығының теолог мамандары Исаева Алтынай және Бисембаева Роза семинар-тренинг өткізді.Семинар-тренингте қоғамда рухани құндылықтардың дамуында әйелдің рөлі, отбасындағы жылылық, энергетиканы қайдан алу керектігі жөнінде пайдалы, дін және дәстүр призмасынан өткен ақпараттар берді.

ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

18.08.2023

Институт алаңында көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету кафедрасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлері тыңдаушыларға заманауи құрылғылар электронды планшет, бейне-тіркегіш т.б. құралдардың қолданылуы туралы тәжірибелік сабақ өткізіп, тыңдаушылардың сұрақтарына нақты жауап берді.

КЕЗЕКТІ АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

14.08.2023

Полициядағы қызметтің беделі жыл сайын артып келеді. Ішкі істер органдарында қызмет етуге бет бұрған жастардың саны көбeюде. 14 тамыздан бастап Ішкі істер органдарына іріктеуден өткен үміткерлер Институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді оқуға (екі ай) қабылдануда.

ҚАЛА ЖАСТАРЫ ҮШІН “ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!” БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ

12.08.2023

12-тамыз халықаралық жастар күніне орай институтымыздың қызметкерлері ІІМ жоғары оқу орындарына түсу қағидаларын түсіндіру бойынша тиісті жұмыс жүргізу мақсатында “Жастармен бірге!” атты жәременкесіне қатысты.