- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы ІІМ Алқасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 5 шешімінің 6.4-тармағын іске асыру жоспарына сәйкес, институт Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарының, орта кәсіптік оқу орындарының, колледждердің, мектептер мен лицейлер оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. 2023 …
2023 жылдың 22 қыркүйегінде Кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының ПД инспекторы , «Малика» дағдарыс орталығының директоры, ІІО бөліністерінен оқуға келген ювеналдық полиция қызметкерлері сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу.
2023 жылғы 22 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттерін түсіндіру шеңберінде ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен “Құқықтық мәдениет – қауіпсіздіктің кепілдігі”, “Қызметкер имиджі” тақырыптарында кездесу өткізді, кездесуді өткізудің мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін …
2023 жылдың 21 қыркүйек күні ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақ-Орыс Халықаралық университетімен Білім беру және ғылыми қызметті дамыту және жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Н.Ж. Мұхаметқалиев және Қазақ-Орыс Халықаралық …
Оқу бағдарламасының бөлімдері аяқталғаннан кейін алғашқы кәсіби даярлық курсында Институттың білікті оқытушылары өткізетін сараланған сынақтар мен емтихандарды қабылдау басталды. Сынақтарды тапсырудың бастапқы кезеңі тыңдаушылардың оқу материалын жеткілікті көлемде игергенін көрсетті, осылайша ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеруге дайындығын растайды.
2023 жылғы 18 қыркүйекте Институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С.И. Каракушевтің төрағалығымен факультеттер, кафедралар, орталықтар және бөлімдердің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Күн тәртібінде оқу процесін жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік құжаттар мен материалдарды жандандыру; практикаға бағытталған оқу үрдісін күшейту; электрондық оқу-әдістемелік материалдардың дайындалу барысы және тағы басқа сұрақтар егжей-тегжейлі қарастырылды.
17.09.2023 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушыларымен таныстыру кездесуін өткізді. Кездесу барысында болашақ полиция қызметкерлері кафедраның қалыптасу тарихымен және жұмысының негізгі бағыттарымен, Ақтөбе облысы ПД Жедел-криминалистикалық қызметінің қызметімен, оқиға орнын тексерудің тактикалық тәсілдері мен ережелері, қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, …
Өткен жексенбіде Ақтөбе суқоймасының жағалауында тыңдаушылардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту және командалық рухты көтеру, ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру, жоғары тиімділігі бар бірлескен әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, бейімділігін дамыту мақсатында ауқымды тимбилдинг ұйымдастырылды. Оған институттың 100-ге жуық тыңдаушылары қатысты. Тыңдаушылар топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. …
16 қыркүйек күні Институттың алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С.И. Каракушевтің бастамасымен, кәсіби даярлық факультеті, кафедра бастықтары және мониторинг қызметкерлерімен кездесу жүзеге асырылды. Кездесудің мақсаты оқу үрдісін жетілдіру, оқу сабақтарының барлық түрлерін барынша меңгеру, өтем жасау жағдайын, қорытынды бақылау өткізу тәртібі мен кестесін жеткізу және …
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық факторлары және олардың алдын алу» ғылыми ізденіс тақырыбы аясында ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде институттың Ғылыми-зерттеу орталығы Ақтөбе облысы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының (МТЖК) инспекторларымен, «Анаға тағзым» рухани және адамгершілік тәрбие орталығының, «Малика» Дағдарыс орталығы, «Ақтөбе қаласының отбасын қолдау орталығы», «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Өмірлік қиын …
|
|