Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

Тәрбиелік мазмұнда кездесу өткізілді

22.10.2025

“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында институт қызметкерлері және Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі Т. Абдрахманов “Жас сақшы”кадет сыныбының оқушыларымен тәрбиелік мазмұнда кездесу өткізді. Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық сана-сезімін арттыруға және ішкі істер органдары қызметінің маңызын түсіндіруге бағытталды.

Аспаздар күні

20.10.2025

20 қазанда елімізде Аспаздар күні аталып өтеді — күн сайын дәмді ас әзірлеп, жылулық пен қамқорлық сыйлайтын жандардың кәсіби мерекесі.ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының басшылығы мен жеке құрамы институт аспаздарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында институтта әрдайым жайлылық пен жақсы көңіл күй орнайды. Еңбектеріңізге рақмет!

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында фотокөрме өткізілді

20.10.2025

Бүгін М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында фотокөрме өткізілді.Көрменің басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметін халыққа жақын көрсету, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы еңбегін насихаттау. Әрбір сурет – полиция қызметінің қиын да құрметті еңбегін айқындайтын өмірлік көрініс.

Кураторлық сағат

18.10.2025

1 курстың 102-топ курсанттарына кураторлық сағат аясында командалық рухты нығайту мақсатында пейнтбол клубына және кинотеатрға бару ұйымдастырылды. Іс-шара курсанттардың жоғары белсенділігін, өзара қарым-қатынасын,ұжымдық байланыс мәдениетін арттыра түсті.