Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ИМИДЖДІК ЖӘНЕ ІШКІ КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖҰМЫС БӨЛІМІ

«Бауырластар зиратында» сенбілік өтті

02.05.2024

Жеңіс күні қарсаңында біздің институт тыңдаушылары қалалық тұрғындарымен бірігіп Ақтөбе қаласындағы №13 және №15 мектептер базасында болған әскери жылдары госпитальда көз жұмған жауынгерлер жерленген «Бауырластар зираты» маңында сенбілік өткізіп, ретке келтірді.Сенбілікте қатысушылар аумақты қоқыс пен арамшөптерден тазартып, қоршауларды сырлады.