Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Бастапқы кәсіби даярлыққа тыңдаушылардың жаңа легі қабылданды

30.03.2026

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2026 жылғы алғашқы кәсіптік даярлық курсына қабылданған тыңдаушылардың екінші легі оқу жолын бастады.

Бұл қабылданым ішкі істер органдарының қатарын жаңа, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы биылғы жылдың алғашқы ірі қадамы болып табылады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, құқық қорғау саласының қыр-сырын меңгеруге жолдама алды.

Қабылдау рәсімінен кейін тыңдаушылар ішкі тәртіп ережелерімен танысып, оқу жоспарына сәйкес алғашқы оқу-сабақтарына дайындалуға кірісті.

Институттың материалдық-техникалық базасы мен оқытушылық құрамы тыңдаушылардың сапалы білім алуына толықтай дайын.