Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Актуальные проблемы применения уголовного законодательства» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

5.06.2026

2026 жылғы 5 маусымда қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Ресей ІІМ Ростов заң институты ұйымдастырған «Актуальные проблемы применения уголовного законодательства» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция аясында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова «Проблемы предупреждения преступности несовершеннолетних на современном этапе» тақырыбында ғылыми мақаласымен баяндама жасады.  Ғылыми мақала кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың қазіргі даму үрдістері, оның алдын алудың өзекті мәселелері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, білім беру ұйымдарының және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыратын өзге де субъектілердің қызметін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция әртүрлі мемлекеттердің білім беру ұйымдары, ғылыми қауымдастық және құқық қорғау органдары өкілдері арасында ғылыми білім мен практикалық тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Іс-шара барысында қылмыстық заңнаманы қолдану мен жетілдірудің өзекті мәселелері, қылмыстарды саралау проблемалары, қылмыстылықтың алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытудың перспективалары талқыланды.