Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Институтта Ата Заңымызды ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті.

30.08.2023

Мерекелік шарада құттықтау сөз алған Институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Мұхаметқалиев “Бүгінде Конституция еліміздің мәртебесін көтерді, бірлігі мен келісімін нығайтып, егемендіктің кепіліне айналды. Ата Заң – барлық заңдардың бастауы. Оны орындау, құрметтеу әрбір асыл азаматтың парызы”, – деді. Сонымен қатар жеке құрамға Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі М. Ахметжановтың құттықтау телеграммасы оқылды.

Жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі А. Ибраева Конституцияның тарихы мен басым бағыттарын қамтитын баяндамасын ұсынды.

Жиын барысында өз міндеттерін мінсіз атқарған қызметкерлер Ішкі істер министрінің грамотасымен, ведомстволық наградалармен марапатталды.

Мерекелік шара облыстық филармония өнерпаздарының және тыңдаушыларының ән-күйлерімен жалғасын тапты.