28.11.2024
2024 жылы 28 қарашада білім беру сапасын арттыру және аумақтық ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметімен таныстыру мақсатында, тәжірибелік қызметкерді оқу процесіне тарту кестесі шеңберінде алғашқы кәсіби даярлық факультетінің 8-взводында әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.А. Алмагамбетова «кәсіби даярлық» пәні бойынша өткізген тәжірибелік сабаққа Ақтөбе станциясындағы ЖПБ құқық бұзушылықтардың алдын алу тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты А. Тойманов тартылды.
Сабақты өткізу барысында полиция аға лейтенанты А. Тайманов әкімшілік полиция бөлімшесі жұмысының негізгі функцияларын, планшет арқылы әкімшілік хаттамалар жасау қағидаларын жеткізді, сондай-ақ тыңдаушылар қызметкерге қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.
Тәжірибелік сабақтарды өткізудің мұндай тәжірибесі оқу процесінің тиімділігін едәуір арттырады.