Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

27.09.2024

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері және қылмыстық жауапкершілік» ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында аталған тақырыпта халықаралық  ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына отандық ғалымдар мен практиктер, сондай-ақ, Ресей Федерациясы, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдері қатысты.

Конференцияның тақырыбы мен форматы кездейсоқ таңдалмаған, өйткені әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу тиімділігінің мәселелері, өкінішке орай, қазіргі қоғамның ең өзекті және қажет мәселелерінің бірі болып табылады.

Қатысушылар әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық қолдану практикасында орын алған өзекті мәселелерді белгілеп, талқылады,  және жинақталған тәжірибелерімен бөлісті, аталған қылмыстардың алдын алу және ескерту шараларының тиімділігін арттыру, соның ішінде, қылмыстық жауапкершілікті қатайту, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекетін ұйымдастыру мәселелері туралы пікір алмасып, ұсыныстарын жасады.

Конференция жұмысының қорытындысында кейбір әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету саласындағы НҚА-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ғылыми негізделген  ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды.