Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

20.09.2024

2024 жылғы 20 қыркүйекте ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2-қыркүйекте өткен Жолдауын іске асыру мақсатында «Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғаларының себептері мен шарттары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға құқық қорғау органдарының, ІІМ жоғары оқу орындарының, сот билігінің, облыс әкімдігінің, адвокаттар алқасының, автомектептің, автопарктің, ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясының және сақтандыру компанияларының өкілдері қатысып өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Ақтөбе облысындағы жол инфрақұрылымын жақсартудың, жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылауды арттырудың және жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайтып, жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыра алатын тиімді шаралар кешенін өңдеу болды.