Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай институтта өткен шара

26.02.2024

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай институттың арнайы тактикалық даярлық кафедрасы мен идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Ауған майданында от кешкен ардагерлермен кездесу өтті.

Биылғы 35 жылдық маңызды күнге арналған іс-шараға облыстық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы мәслихат депутаты М. А. Қойлыбаев Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Н.Балкасынов, Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің орынбасары А.Б.Жұмабеков, Ауған даласындағы майданда от кешіп институтымыздың дамуына өз еңбектерін сіңірген Ж. Ш. Мәмбетжанов, С. Жиеналин қатысып, жалпы Ауған соғысына аттанған қазақ жауынгерлерінің ресми деректерінің, оның ішіндегі Ақтөбе облысынан әскери қатарға алынған сарбаздар туралы, тарихта өзіндік орны бар оқиғаны баяндап өтіп, Ұлы даланың айбынды ұландарын халқымызға аянбай қалтқысыз қызмет етуге шақырды. Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Н.Балкасынов институт қорына “Екі ғасырдың батарлары” атты кітабын тарту етті.

Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына нық сенген, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың құрметіне зұлмат соғыстың естеліктері туралы бейнероликтер, көрініс көрсетіліп, осы тақырыптағы әндер шырқалды.
Шара соңында институт бастығының атынан қонақтарымыз алғыс хатпен марапатталды.