19.06.2026
2026 жылғы 19 маусымда институт кітапханасының оқу залында 23 маусым
Қазақстан полиция күніне орай «Қорғаны мықты ел тыныш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері 2 курс курсанттарына көрмеге библиографиялық шолу жүргізді.
Көрмеге М.Бөкенбаевтың өмірі мен ерлігі жайлы «Алыстағы соғыстың жаңғырығы» атты естелік кітабы, және М.Маңғұбаевтың «Киелі түбек сақшылары» кітабы, С.К.Шалданбаевтың «Астана полициясы» фото альбомы, А.М.Сағалиеваның «Ішкі істер органдарыңың жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру» оқу құралы т.б. кітаптар және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.
Шараның мақсаты: қылмыспен күресте жемісті қызмет жасай білген сақшыларының еңбектерін елеп құрметтеу, жас ұрпақты адамгершілікке, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.










