Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

18 мамыр – Халықаралық музей күні

18.05.2023

Бұл мереке Ақтөбе қаласының музейлерінде де ауқымды атап өтілді. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінен келген алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейіне барып, қазақтың батыр қызы туралы естеліктермен, қарулы майданнан сыр шертетін экспонаттармен танысып, оның соғыс жылдарындағы ерліктерін еске алды. Сонымен бірге, институттың жас қызметкерлері Ақтөбе тарихи-өлкетану музейінде өткен “Музей түні-2023” мәдени іс-шараға қатысып, тарихи жәдігерлер көрмесін тамашалады. Институт бастығы полиция полковнигі Н.Ж. Мұхаметкалиевтің атынан музей ұжымдарына құттықтау жеткізіліп, алғыс хаттар табысталды.