5.06.2026
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Сақшы» ғылыми үйірмесінің жетекшісі Д.М. Аманжоловтың жетекшілігімен 2-курс курсанты Н.Қ. Құлынтайдың «Доверие общества – главный ориентир» («Қоғам сенімі – басты бағдар») тақырыбындағы мақаласы облыстық қоғамдық-саяси «Актюбинский вестник» газетінің 2026 жылғы 5 маусымдағы №44 санында жарық көрді.
Аталған мақалада заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызы, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудағы құқық қорғау органдарының рөлі, сондай-ақ болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби және адамгершілік құндылықтары кеңінен сөз болады. Автор заңға құрметпен қарау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір азаматтың маңызды міндеті екенін атап өтеді.
Сонымен қатар, мақалада құқықтық тәрбие беру, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері көтерілген. Автордың пікірінше, қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқаты заң үстемдігі мен қоғамдық келісімге тікелей байланысты.







