Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТ!» АКЦИЯСЫ

2.12.2023

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының (Ақтөбе қ.) аумағында «Зорлық-зомбылықты тоқтат!» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты қала тұрғындарының назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, азаматтарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық, әлеуметтік (медициналық, психологиялық және т.б.) көмек көрсету болды.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы тұрғын үй және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссияның мүшелері, облыстық филармонияның әртістері, зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету дағдарыс орталықтарының қызметкерлері, ҮЕҰ және жұртшылық өкілдері белсенді қатысты.