Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ЖАСАЙ БЕР, ЖАСА ҚАЗАҚСТАН» ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ

20.10.2023

20 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Республика күніне орай «Жасай бер, жаса Қазақстан» патриоттық акциясы өткізілді.

Акцияға Қазанғап атындағы өнер мектебінің, «Заречный тұрғын алабы мектеп-балабақша кешені» оқушылары, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының және М.Дулатұлы атындағы №63 мектеп-лицейінің кадеттері қатысты.

Идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Бекет Айсұлтан мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, жас өрендерге Отанға деген сүйіспеншілік, ел мен жерді қорғау туралы, жалпы адамзаттық құндылықтарды, құқықтық және азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру туралы айтып берді.

Шара барысында оқушылар мәнерлеп өлең оқып, домбырамен күй шертіп, мерекелік акцияны “Жаса, Қазақстан!” әнін хормен орындап қорытындылады.