Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Тәуелсіздік күніне арналған жиын

15.12.2023

Бүгін, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында тәуелсіздіктің құнын, қуатты мемлекет болып, мәңгілік мұраға айналдыруымыз керек екендігін ұғындырып, ұлттық рухты шыңдау мақсатында еліміздің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған жиын ұйымдастырылды.

Жиынға Ақтөбе облысының мәслихат депутаты, Қазақстан Республикасы Ауған соғысы ардагерлері орталық кеңесінің төрағасы Марат Айтуғанұлы Қойлыбаев қатысып, тәуелсіздікке ең алдымен қазақ елінің басты жетістігі, халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты ретінде қарап, қадірлеп, қастерлеп, қорғау керектігін түсіндірді.

Мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!