Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРУ САЛТАНАТЫ

22.12.2023

Бүгін институтта салтанатты түрде қызметкерлерді құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салу шарасы өтті.
Шараны институт бастығы полиция полковнигі Н.Мұхаметқалиев құттықтау сөзімен ашып, олардың кәсіби қасиеттері мен ішкі істер саласына қосқан үлестерін атап өтіп, ыстық лебізін білдірді.
Зейнеткерлер әріптестеріне жүрекжарды тілектері мен институт басшылығына ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында институт бастығы ғұмырларының жалынды, ең жақсы кезеңдерін жауапкершілік жүгі ауыр ішкі істер саласына арнағандары үшін алғыс айтып, ұжымның атынан сый-сияпаттар ұсынды.