Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Жолдау бағыттарын жүзеге асыру

28.05.2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 2025 жылғы 28 мамырда институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында 1 курс курсанттарына семинар сабақ өткізді. Семинар барысында Мемлекет басшысы қойған нақты талаптардың орындалу барысы жан-жақты талданды. Курсанттар белсенділік танытып, заң мен тәртіп принциптерін орындау бойынша өздерінің ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Жолдау бағыттарын жүзеге асыру – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, мемлекетіміздің «заң мен тәртіп» идеологиясын тұрақтандыруға ықпал ететініне білім алушылардың сенімі артты.