Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша сабақ 

1.09.2025

1 Қыркүйек – Білім күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері Ф.Оңғарсынова атындағы №41 орта мектебінің оқушыларына арнап жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша сабақ өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты — жаңа оқу жылында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың жол бойындағы дұрыс жүріс-тұрысы туралы білімдерін арттыру. Институттың тәжірибелі қызметкерлері оқушыларға көшеде қалай жүру керектігін, бағдаршамның маңыздылығын және жолда жүру ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сондай-ақ, олар балаларға жолдағы әртүрлі жағдаяттарда не істеу керектігі туралы кеңестер берді. Бұл сабақ оқушылар үшін өте пайдалы және қызықты болды, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, суреттерді бояп, талқылауға қатысты. Белсенді оқушыларға сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе заң институты мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Бұл қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.