30.06.2021
2021 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі: өзекті проблемалар және оларды шешу жолдары»тақырыбында онлайн форматта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның басты мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді, сондай-ақ, оларды шешу жолдарын қарастыру және талқылау.
Бейнеконференция ашық диалог форматында өтті, оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ш. Қожаев, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры М. Қ. Баймұқашев, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина жоғары оқу орындарының өкілдері (соның ішінде ІІМ ведомстволық) қатысты.
Бейнеконференцияны қорытындылай келе, қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.











