6.05.2018
2018 жылғы 05 мамырда «Қалалық «Геолог» мәдениет үйі» МКҚК мен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ЖОО мен АОО студенттерінің бозбалалары арасында «Жігіт сұлтаны – 2018» атты қалалық байқауы өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары арасынан 1 Б курсының 102-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Ғалымжан Кәбір және 1 А курсының 101-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Манас Кадыров қатысты.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
- «Сәлем – сөздің анасы» – таныстыру бөлімі;
- «Ата салтты сақтаған» – салт-дәстүр және ситуациялық сұрақтарға жауап беру;
- «Сегіз қырлы, бір сырлы…» – өнер сайысы;
- «Мен – жігіттің сұлтанымын» – ұлттық киім үлгісін көрсету;
- «Күш атасын танымас» – күш сайысы.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша қатардағы полиция Манас Кадыров «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын иеленсе, қатардағы полиция Ғалымжан Кәбір І жүлделі орынға ие болды. Байқау жеңімпаздары Қарғалы ауылдық округі әкімінің атынан дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева