Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Жемқорлыққа қарсы тұру бойынша ауқымды ақпараттық науқан 

25.06.2025

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері мен курсанттары ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында заң мен тәртіпті сақтауды насихаттау, жемқорлыққа қарсы тұру бойынша ауқымды ақпараттық науқан өткізді.
Бұл шара құқық бұзушылыққа, жемқорлыққа қарсы күрестегі азаматтық белсенділікті арттыруға және қоғамда тәртіп бұзушылыққа төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға бағытталған. Қаладағы адам көп жиналатын орындарда таратылған арнайы ақпараттық буклеттер тәртіп бұзушылық пен жемқорлық әрекеттерінің түрлері, олардың қоғамға тигізетін зияны, сондай-ақ азаматтардың жемқорлық фактілері туралы қайда және қалай хабарлай алатындығы туралы маңызды ақпаратты қамтыды.
Іс-шараға қатысқан институт қызметкерлері мен болашақ құқық қорғаушылар – курсанттар өздерінің азаматтық ұстанымын және қоғамның қауіпсіздігі мен құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетті. Олар жемқорлыққа қарсы тұрудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.