29.10.2021
2021 жылдың 25 қазанында Ресей ІІМ Омбы заң академиясы өткізген «Жеке тұлғаның виктимологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға Монғолияның ішкі істер университетінің, Доржи Банзаров атындағы Бурят мемлекеттік университетінің қызметкерлерімен қатар институттың ғылыми-зерттеу және редакциялық–баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы з.ғ.м., полиция подполковнигі Мұрат Дәулетбайұлы Төлешев «ІІО қызметіндегі тәуекел мәселесі» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.
Әрбір баяндама қызу талқылаумен және қатысушылардың пікірлері мен ұстанымдарын негіздеумен байланысты ғылыми пікірталастармен сүйемелденді.








