14.01.2025

Жеке құрам жөніндегі инспекцияның
Аға инспектор
полиция майоры
Үсенов Берік Жангелдіұлы
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрам жөніндегі инспекциясының аға инспекторы
Жалпы ережелер
Жеке құрам жөніндегі инспекцияның (бұдан әрі – ЖҚИ) аға инспекторы лауазымына тағайындау, қызметтен босату және жұмыстан шығару ҚР ІІМ АЗИ бастығының немесе оны алмастыратын адамның құзыретімен, ҚР ІІМ-мен келісу арқылы жүзеге асырылады.
ЖҚИ лауазымына функционалдық бағыттарына сәйкес жоғары білімі бар қызметкерлер тағайындалады.
Жалпы талаптар
ЖҚИ аға инспекторы өз қызметін және өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, нормативтік құқықтық актілерінің, ІІМ бұйрықтарының, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырады.
ЖҚИ инспекторы тікелей институт бастығына бағынады.
ЖҚИ аға инспекторының функциялары
ДП басшылығының тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді, олар бойынша қорытындылар мен жауаптар дайындайды.
Есептік кезеңдер бойынша жұмыс нәтижелерінің материалдарын талдайды және жинақтайды, есептер, анықтамалар және ІІМ басшылығын ақпараттандыруға арналған өзге де материалдар дайындайды.
ЖҚИ аға инспекторының құқықтары
Ішкі істер органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ІІМ білім беру ұйымдарынан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға;
Ішкі істер органдарының жеке құрамының заңдылық пен тәртіп талаптарын сақтауын тексеруге бағытталған жария және жасырын жедел-алдын алу іс-шараларын (рейдтік іс-шараларды) жүргізуге, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыруға;
Жол қозғалысы ережелерін сақтауын, белгіленген үлгідегі формалық киімді кию тәртібін, қызметтік куәліктер мен жеке жетондардың болуын тексеру мақсатында жария және жасырын рейдтік іс-шаралар өткізуге;
Қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауға, қызметтік және жеке автокөлікті пайдалану тәртібін бұзушылықтарды анықтауға;
Қызметкерлердің кәсіпкерлік қызметке қатысу фактілерін, олардың қылмыстық элементтермен байланысын және басқа да заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында УСБ-мен бірлескен кешенді жедел-алдын алу іс-шараларына қатысуға.
Қызметтік қажеттілік туындаған жағдайларда азаматтық киімде жария және жасырын рейдтік іс-шараларды жүзеге асыруға;
ІІО қызметкерлері басқаратын қызметтік және жеке автокөліктерді, кезекші бөлімдерді, патрульдік учаскелер мен полицияның жаяу нарядтарын, сондай-ақ полиция қызметкерлері байқалған азаматтардың көп жиналатын демалыс орындарын тексеруге; ІІО қызметкерлерінің жұмыс орнында немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде мас күйінде болғаны анықталған жағдайда, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері орын алған кезде міндетті түрде медициналық куәландыру жүргізуге және алғашқы материалдарды жинауды жүзеге асыруға;
Қызметтік куәлікті көрсету арқылы немесе қызметтік автокөлікпен ІІМ мекемелері мен бөлімшелерінің, сондай-ақ оларға бағынысты ұйымдардың барлық ғимараттары мен үй-жайларына тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіруге (енуге) және іргелес аумаққа кіріп-шығуға. Тыйым салынған заттар мен қызметтік құжаттардың бар-жоғын анықтау мақсатында ІІМ ғимараттары мен қызметтік кабинеттерін, оның ішінде үстелдер, шкафтар, сейфтер және т.б. тексеруді кедергісіз жүргізуге. ІІМ басшылары мен қызметкерлерінен заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету шараларын жүргізу кезінде ЖҚИ қызметкеріне жан-жақты көмек көрсетуін талап етуге.
Қызметтік қажеттілік туындаған жағдайларда заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлердің жеке істерін сұратуға;
Басшылықтың және ІІМ-нің бұйрықтары мен өкімдерімен танысуға;
Жүктелген функцияларды орындау үшін құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
ЖҚИ аға инспекторының міндеттері
Ішкі істер органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкер) тарапынан тәртіп пен заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асырады;
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілеріне қатысты сын материалдарын анықтау және оларға ден қою мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізеді;
Қылмыстық жауаптылық белгілері жоқ жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша өтініштерін, шағымдары мен арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы сын материалдары мен хабарламаларын уақтылы және сапалы қарастырады;
Қылмыс белгілері жоқ шағымдар мен өтініштер бойынша тексеру жүргізеді;
Зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдарды, ақпараттарды, анықтамаларды және қылмыстық істерді сұратады;
Лауазымды тұлғалардан және басқа азаматтардан қажетті түсініктемелерді алады;
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша қорытынды мен анықтама дайындайды.
Аға инспектордың жауапкершілігі
Өзіне берілген құқықтар мен өкілеттіктер шеңберінде қызметтік міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға, ішкі істер органдарында қызметте болуға байланысты шектеулерді және заңнаманың өзге де талаптарын орындауға жеке жауаптылық атқарады.
Лауазымнан босатылған жағдайда маған жүктелген мүлікті, номенклатураға сәйкес қызметтік құжаттаманы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген міндеттерге қатысты аяқталған және ағымдағы жобаларды тікелей басшы айқындайтын қызметкерге тапсырамын.






