Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Жауынгерлік рухпен ынталандыру – таңғы таралымның басты мақсаты

19.05.2025

Бүгін институтта жеке құрамды қызметке ынталандыру және жауынгерлік рухты нығайту мақсатында дәстүрлі таңғы таралым ұйымдастырылды. Институт бастығының орынбасары, полиция полковнигі С. Айжанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өткізілген іс-шараларды қорытындылап, ауыспалы құрам арасында өткен “Мас-рестлинг” спорттық сайыста үздік нәтиже көрсеткен курсанттар мен тыңдаушыларды марапаттап, кубок пен грамоталар табыстады