Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Жастар – ел болашағы!

12.08.2019

12 тамыз күні бүкіл әлемде Жастар күні атап өтіледі. Биыл Ақтөбеде халықаралық мереке ерекше аталып өтті. Тұңғыш Президент атындағы саябақта өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан, қоғамдық – мәдени және спорт салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген 35 жас облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында жас кәсіпкерлер, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, еріктілер мен журналистер бар. М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының атынан полиция капитаны Серікжан Азамат Серікжанұлы марапатталды.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов біздің жас белсенділерімізді құттықтап, алғысын білдірді: – Жастар – елдің болашағы. Ақтөбе өңірінің жастары біздерді үнемі қуантып жүретінін мақтанышпен атап өткім келеді. Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағы, еліміздің саясаты жас ұрпақтың қолында екенін бекер айтқан жоқ. Және оған бүгін көп нәрсе байланысты. Бұл сөздер біздің облыста 100 пайызға орындалуда. Біз жастарымыздың жақсы өмірі мен дамуы үшін бәрін жасаймыз.