Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ЖАС ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІҢ ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ШЕБЕР – КЛАСС

24.11.2020

Ағымдағы жылдың 24 қарашасы күні 2020-2021 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты көлік обьектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция майоры К. Ерланұлы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының мұғалімдер ұжымына,  6-шы сынып оқушыларына және ата-аналарға «Жас жаяу жүргіншілердің жол жүру Ережелерін зерделеу» тақырыбында шебер – класс өткізді.

Дәрістің өткізілу мақсаты – жас жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін терең ұғындыру арқылы оқушылардың өзін-өзі құқықтық тәрбиелеуге және құқықтық мәдениетке бет бұруы, құқықтық сауаттылығын арттыру, оқушының адамгершілік моральдық бейнесін қалыптастыру.

«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының мақсатты аудиториясының бірі –  оқушылар, жастар болса, сол оқушылардың құқықтық белсенділігі жоғары болуы керек, ал жастар өз құқығын білмейінше белсенді бола алмайды. Сондықтан, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Ал құқықтық мәдениет қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Дәріс барысында К. Ерланұлы  саналы оқушы құқықтық тәрбиені терең ұғынуы керектігін, адамның құқықтық мәдениеті күрделі психологиялық құбылыс екендігін, ең бастысы – адамгершілікті қалыптастыруда орынды тәртіп және құқықтық мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы керектігін атап өтті.

Дәріс соңында мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, нәтижелі жауаптар берілді.

Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Осылайша, қоғамда құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені, құқықтық мәдениетті одан әрі жетілдіру қажет.

КӨЛІК ОБЬЕКТІЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ